Джилл Шарп қиялындағы жігітпен
31 жастағы шотландиялық Джилл Шарп (Jill Sharp) есімді қыздың әлеуметтік желіде сүйіктісімен суреттері пайда болған уақытта оның құрбылары ол үшін риясыз қуанған еді. Ол екі жастың бірге қыдыратынын, саяхаттайтынын айғақтаған Джиллдің әлеуметтік желідегі жазбалары ара-қатынастарының салмақты екенін, үйлену тойының жақындап қалғанын байқататын. Бірақ төрт жыл өтсе де, Джилдің достары оның жігітімен таныса алмайды. Бұл туралы қыздың достарының бірі: «Олар әлеуметтік желіде керемет «өмір» сүреді. Ал өмірде оларды бірге көрмедік…» дейді.
Ал шындығында қыздың әлеуметтік желідегі суреттері бос қиял екен, ол фейсбуктан тапқан «белгісіз» жігіттің суреттері арқылы коллаж дайындап, тіпті ол жігіттің атынан фейк аккаунттар ашып жүргізіп отырған.
Грэм Маккуит қалыңдығы Марианнамен
Бұл былық Джилл Шарптың танысы оның «арманындағы жігіттің» шынайы бейнесін тапқан кезде ашылады. Грэм Маккуит (Graham McQuet) пен оның қалыңдығы Марианна (Marianne) екеуі бұл жағдайды көргенде естерінен танып қала жаздаған. Себебі Джилл коллаждан бөлек, Грэм Маккуит барған жерлерге барып дәл сол жігіт суретке түскен фонда ол да суретке түскен.
Оны заң алдына жауапқа тартқан кезде құқық қорғау орындары қылмыстық белгілер таппағанға ұқсайды. Ал журналистерге берген сұқбатында Джилл өз кінәсін мүлде мойындамаған. Бұл істен кейін қыздың достары, Грэм Маккуит және оның қалыңдығы әлеуметтік желілердегі өз аккаундтарын өшіріп тастаған.
KAZAKBOL.COM