Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

42 мемлекет Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін әкетуге шақырды

KAZAKBOL.COM

42 мемлекет Ресейді Запорожье атом электр станциясынан әскерін әкетуге шақырды. Үндеу 14 тамызда Еуроодақтың ресми сайтында жарияланды.

Ресей наурызда Еуропадағы ең ірі атом электр станциясын басып алған. Ол жақта әлі күнге дейін украин мамандары жұмыс істеп жатыр. Кейінгі апталарда станция аумағына бірнеше рет снарядтар құлаған. Киев пен Мәскеу бір-бірін айыптады.

42 мемлекеттің Ресейге арнаған үндеуіне Еуроодақ елдері, Австралия, Ұлыбритания, Грузия, Исландия, Канада, Лихтенштейн, Молдова, Жаңа Зеландия, Норвегия, Солтүстік Македония, АҚШ, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония қол қойған. Үндеу авторлары Ресейді әскерін АЭС аумағы мен жақын маңнан, тұтас Украинадан алып кетуге шақырған.

«Ресей әскері мен қару-жарағының ядролық нысанға орналасуына жол беруге болмайды. Бұл Атом энергия жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ)мүше барлық ел сақтауы тиіс қауіпсіздік принциптеріне қайшы» деп жазылған үндеуде.

Мәлімдеме авторлары Ресей әскерінің ядролық нысанда болуы Украинаға ядролық қауіпсіздік бойынша алған міндеттемелерін орындауға, МАГАТЭ жұмысына да бөгет жасайды.

  • Мәскеу орыс әскері соғыс жағдайында нысанды күзету үшін АЭС-ке орналасты деп мәлімдеген. Мәскеу МАГАТЭ инспекторларын нысанға келуге үндеген. Ал Киев халықаралық агенттік мамандары Украина заңына сәйкес елге келіп-кетуі тиіс деп сапарға қарсы болған.
  • БҰҰ Ресей мен Украинаны станция маңында соғыстан тыс аймақ ұйымдастыруға шақырған. Украина мен тағы бірнеше мемлекет те сондай үндеу тастаған. Мәскеу ұсынысты қолдамады.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM