Фото: ummet.kz
10 адамға арналған шағын бөлме Мекке қаласындағы ең ерекше намазхана саналады, деп хабарлайды AlArabiya. Араб халқында «Мусалла» деп аталатын құлшылық бөлмесі «Абрадж аль-Бейт» сағатты кешенінің жарты ай мұнарасы құрылымында, жер бетінен 600 метр және Қағбадан 500 метр биіктікте орналасқан.
Фото: ummet.kz
Құлшылық бөлмесі жарты ай құрылымындағы «Аллаһу Әкбар» жазбасының «Алиф» әрпінде орын тепкен. Әріп диаметрі – 23 метр. Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын намазхана деп бағаланады.
KAZAKBOL.COM