Роберт жарымен бірге. Фото: life.obozrevatel.com
Миллионер әрі жазушы Роберт Кийосаки әйелдерге кедей жігіттерге тұрмысқа шықпауға кеңес берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.obozrevatel.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жазушы кімнің арқасында байығанын айтып, қыздардың тұрмысқа шығуы мәселесінде бірқатар кеңесімен бөлісті.
«Мен ақылды әйелім болғанының арқасында байыдым. Әйелім екеуіміз қыздарға қашан да айтамыз — ешуақытта кедейлерге тұрмысқа шықпаңдар. Бұл көп қиындықтар әкеледі. Егер сіз кедеймен некелессеңіз әйелім сізге одан тезірек құтылуға кеңес берер еді», — деп ағынан жарылды миллионер.
Оның ойынша, әйел ақша мәселесінде салғаласу үшін емес, сізді байырақ, бақыттырақ ету үшін тұрмысқа шығуы керек.
«Сіздің командаңыздағы басты адам — жарыңыз. Егер ол ақымақ әрі кедей болса, тұрмысқа шыққаннан гөрі жалғыз жүрген артық. Бақытсыз әрі кедей болғанша, жалғыз болған дұрыс», — дейді Кийосаки.
KAZAKBOL.COM