Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қызылорда облысында бүйірінде «Алла және Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды (фото)

KAZAKBOL.COM

Жақында Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында тосын оқиға орын алды. Олай дейтін себебіміз, бір бүйірінде «Алла», бір бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды деп хабарлайды Baq.kz

«Кешқұрым мал өрістен қайтқан соң қораға кірсем, буаз аналық қой қоздағалы жатыр екен. Бұл қалыпты жағдай болған соң, еш алаңдамастан үйге кіріп кеттім. Таңға жуық қораға келсем, мал төлдеп, қозы туыпты», – дейді Азамат Еділұлы.

Жаңа туған қозының денесіндегі ақ белгіні байқаған ол, таңғажайып жазуды бірден Қазалы қаласындағы «Жиеналы Ахун» мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозының үстіндегі «Алла және Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты.

«Бұл жағдай Алла Тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде «Алла», екінші бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозының Қызылорда облысында алғаш рет қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Кезінде бұл жерде жүз мешіт болған», – деп Ғабдулла Ізат Ү.Түктібаев ауылындағы «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы бұл таңғажайып оқиғаны жақсылыққа жорыды.

Бұл таңғажайып қозыны көруге келген адамның қарасы көп болды. Жасы сексеннің төртеуіне келген Өмірзақ Оспанов ақсақал бұл жақсылықтың нышаны екенін айтып, ақ батасын берді.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM