Ауыл-Береке базары. Фото: 100baksoff.
Тараз қаласы, Ауыл-Береке базарында ұрлық жасаған бір топ қарақшы әйел бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.
Аталған видеоны Instаgram-дағы 100baksoff парақшасы жариялаған.

«Менің өтінішім Тараз қаласы, Ауыл-Береке базарындағы ұрылар тобын анықтау керек», — деп жазған видео авторы.

Кадрда бір топ әйелдің киім сататын бутикке кіріп, сатушыны айналдырып тұрғанын байқауға болады. Екі-үшеуі көйлектерді таңдаған болып, бағасын сұрап тұрғанда, үшінші сыбайластары бір пакет тола киімді көтеріп шығады.
KAZAKBOL.COM