Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақботаның ата-енесі ұлдарының танымал әншіге үйленуіне қарсы болғандарын айтты

KAZAKBOL.COM

Ақбота Керімбекова. Фото: Интернет желісінен

Ақбота Керімбекованың қайын атасы мен енесі ұлдарының бастапқыда елімізге белгілі әншіге үйленетінін айтқан кезде қарсы болғандарын мәлімдеді. Әншінің қайын атасы баласының Ақботаны бақытты ете алатынына күмәнданғанын жасырмады.

Бұл туралы Тілеген Дәулетов 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

«Балам үйленетінін айтқан кезде анасы екеуміз кішкене ойланыңқырадық. Ақбота өмірдің баспалдақтарынан шыңдалып өткен қыз. Өзінің тірлігін естіп, біліп жүрген соң, оның үстіне жасы аздап үлкендеу болған соң «сен оған жақсы серік бола аласың ба, араларыңда балалар бар, осыған сендердің шешімдерің, сенімдерің орнықты ма?» деген сауалдарды мен қойдым. Ол сауалды анасы да қойған болатын.

Ойлана келе, балама сен олай етпе, ол дұрыс болмайды деп айта алмайтынымды білдім. Өмір өздерінікі. Кейіннен Ақботаны алып кел, танысайық дедік.  Осылайша баламның айтқан тілегін қабыл алдық,- дейді Ақботаның  қайын атасы.

Жұбайлардың арасындағы балалардың көңілі үшін алаңдаған Рауанның әкесі Ақботаның тұңғышын шақырып алып, онымен жекеше сырласқанын да айтты.

«Біржанды тойдың үстінде шақырып алып, көзқарасын сырғақтатып сұрадым.  Сосын Біржанға шырағым енді ертең оқуға кетесің, мына болып жатқан жәйтқа көңілің орнықты ма, ағаңды «әке» дей аласың ба дегенімде, Біржан «әрине» деді. Біржанмен сөйлескенімде сол, ол балалардың үлкені ғой. Оның үстіне ойын ашық айтатын, ер мінезді жігіт»,- дейді ол.

Ал Ақботаның қайын енесе болса келіні келіп,  «мама» деп атағанда жүрегінің елжіреп кеткенін жасырмады. Ол мұндай танымал жанға үйленген Рауанның бағы бар дейді.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM