Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресейде суррогат ана болған Қазақстан азаматы үш жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Красноярск қаласында сот суррогат ана болған Қазақстан азаматы Тамара Яндиеваны үш жылға еркінен айырды. Ол адам саудасына қатысты айыпты деп танылды. Яндиева мен адвокаты соттың бұл шешіміне қарсы шағымданатынын жеткізді.

Бұл Ресейде суррогат ана болғаны үшін сотталған алғашқы жағдай. Ресейде суррогат болуға ешқандай тыйым жоқ.

Ақпаратқа қарағанда, Яндиева 2019 жылы агенттіктердің бірімен суррогат ана болу үшін келісімге келіп, шетелдік жұбайлардың біріне бала туып берген. Нәресте жарық дүниеге келгеннен кейін, ата-анасына беруі керек болған, бірақ коронавирус пандемиясы басталып, бала суррогат ананың қолында қалып қойған.

2021 жылы агенттікке қарсы «Адам сату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ресейде суррогат ана Отбасы кодексі және «Азаматтардың денсаулығын қорғау негіздері туралы» заңмен бақыланады. Оған сәйкес, балалы бола алмаған жұптар суррогат анамен келісімге келіп, ата-ана бола алады.

2020 жылы Ресейдің Тергеу комитеті мәскеулік репродуктолог-дәрігерлердің біразын адам саудасымен айыптаған.

Олар коронавирусқа байланысты суррогаттық жолмен дүниеге келген 11 баланы шетелдегі ата-анасына өз уақытында жібере алмай қалған. Нәрестелер балалар үйіне берілген. Балалардың құжаттарын әзірлеп, ата-аналарымен жұмыс істеген аудармашы Кирилл Анисимов 2021 жылы алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Қалған айыпталушылардың ісі қаралып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM