Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбеде қарақалпақ белсендісін қамау мерзімі бір жылға ұзартылды

KAZAKBOL.COM

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық соты қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашеваны экстрадицияға дайындау үшін бір жылға қамау туралы қаулы қабылдаған.

«Өзбекстан азаматы Юлдашева 2023 жылғы 13 қарашаға дейін қамауда болады» деп хабарлады бүгін Азаттыққа Ақтөбе облыстық соты.

Мәртөк аудандық сотының қаулысы 23 желтоқсан күні шыққан. Тергеу материалдарына қарағанда, өзбек билігі 2022 жылғы 5 желтоқсан күні Қазақстанның бас прокуратурасына хат жолдап, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тілеубике Юлдашеваны қайтаруды сұраған. Өзбекстанның ішкі істер министрлігі 2022 жылғы 19 тамыз күні Тілеубике Юлдашеваға Өзбекстан республикасы қылмыстық кодексіндегі 159-баптың 1-бөлімімен айып тағып, сол күні іздеу жариялаған.

Өзбек билігі Тілеубике Юлдашеваға 2022 жылғы 1-5 шілде аралығында «Қарақалпақ автономиялы республикасында жүріп YouTube арнасында Өзбекстанның мемлекеттік құрылымын конституциялық сипаттан тыс жолмен өзгертуге шақырған материалдар жариялады» деген айып тағып отыр.

Ресейге өтпек болған жерінен ұсталған қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашева қазір Ақтөбедегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Қазақстандағы адам құқықтары мен заңды сақтау жөніндегі бюроның араласуымен 5 желтоқсан күні Тілеубике Юлдашеваға «Қазақстаннан пана іздеуші куәлігі» берілген.

— Ақтөбе облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген куәлік 2023 жылғы 5 наурызға дейін жарамды. Осы аралықта біз Юлдашеваға босқын статусын алу үшін жұмыс істейміз. Оған дейін Юлдашеваны экстрадицияға дайындау үшін бір жылға қамау туралы сот қаулысына аппеляция жазамыз, — деп хабарлады бүгін Қазақстандағы адам құқықтары мен заңды сақтау жөніндегі бюроның Ақтөбе бөлімінің жетекшісі Ирина Гольцварт.

Қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашева 2022 жылғы 13 қарашада Қазақстанның Ақтөбе облысы мен Ресейдің Орынбор облысы шекарасындағы «Жайсаң» бекетінде ұсталған. Қазақстан шекарашылары Юлдашеваны «сізге халықаралық іздеу жарияланған» деп Ресейге өткізбей қойған. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық соты оны алдымен 40 күнге , кейін экстрадицияға дайындау үшін бір жылға қамаған.

Бұған дейін Қазақстанда Қарақалпақстанның төрт белсендісі: Қошқарбай Төремұратов, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова мен Зиуар Мирманбетова ұсталған болатын.

«Бұл азаматтардың басым көпшілігінен өзбек билігі шілде айының басындағы Қарақалпақстан астанасы Нүкістегі оқиғадан кейін «конституциялық құрылысқа нұқсан келтірмек болды» деп күдіктеніп отыр » деген еді Азаттыққа Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы.

Халықаралық бюроның хабарлауынша, Тілеубике Юлдашева 2020 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанда тұрып жатқан. Өз елінде саяси себеппен қудалануы мүмкін болғандықтан Қазақстаннан пана сұраған. Бюро қарақалпақ белсендісіне жан-жақты құқықтық қолдау көрсетілетінін хабарлады.

Қоғам белсендісі Тілеубике Юлдашева Қарақалпақстанда 2013-2014 жылдары құқық қорғаушы ретінде көзге түсе бастаған. «Өзбек билігінің қысымына қарамаcтан» Қарақалпақстан автономиялы республикасының тәуелсіздігін талап еткен акцияларды белсенді түрде қолдаған. Өзбек билігінен қысым көрген қарақалпақ белсенділерінің құқын қорғаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM