Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

АҚШ президенті Джо Байден Киевке барды (видео)

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден дүйсенбіде Киевке барды. Оның Украина астанасына сапары алдын ала хабарланған жоқ.

20 ақпанда түс ауа Байден мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Киевтегі Михайлов шіркеуінде жүрген видеосы тарады. Украина басылымдары АҚШ президенті шіркеуге соғыста қаза болған украин азаматтарының рухына тағзым етуге барғанын жазды.

Кейін Зеленский Telegram-дағы арнасында «Джо Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – Украина халқына өте үлкен қолдау» деп алғыс білдірді.

Байденнің өзі де «АҚШ демократияны, Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін толық қолдайтынын растау үшін» Киевке келгенін мәлімдеді.

Украина сыртқы істер министрлігі Киев бүгін Батыстағы «негізгі» серіктерінің бірінің басшысын күтіп отырғанын бұған дейін хабарлаған. Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары Украина астанасында таң атқалы бірнеше көше жабық тұрғанына назар аударған.

Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Мельник Ресейдің Украинаға басқыншылығының бір жылдығы қарсаңында «тосын сый» дайындалып отырғанын мәлімдеген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының кейбірі, журналистер мен саясаткерлер Киевке АҚШ президенті Джо Байден алдын ала хабарламай келуі мүмкін деген болжам жасаған. 21 ақпанда Джо Байденнің Польшаға сапары басталады. Ақ үй Байденнің Украинаға баратынын хабарлаған жоқ.

Украин жеріне таяуда Мюнхен конференциясында Украинаны қолдап сөйлеген АҚШ вице-президенті Камала Харрис келуі мүмкін деген болжамдар болған.

Бақылаушылар Еуропа одағы сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі кездесуінде Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба болмағанына да назар аударған.

Украинаның әуе кеңістігі жабық болғандықтан, Батыс елдерінің жетекшілері Киевке теміржолмен қатынайды. Байденнің Украинаға немен барғаны белгісіз.

Киевте Мәскеу уақытымен сағат 12.30-да әуе дабылы іске қосылған. Ол Беларусь жерінен «Кинжал» зымыранын алып ұшатын МиГ-31 ұшағы әуеге көтерілгеніне байланысты болуы мүмкін деген жорамал бар.

Украинаға АҚШ президенттері 2008 жылдан бері бірінші рет барып отыр. 2008 жылы АҚШ президенті кіші Джордж Буш болатын. Байден Барак Обама әкімшілігі кезінде Украинаға вице-президент ретінде бірнеше рет барды. Ресей басқыншылығы басталғалы Украинаға барған АҚШ-тың ең үлкен жоғары лауазымды қызметкері – мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен.

24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір жыл болады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM