АҚШ-тың Федералды соты «Антты сақтау» (Oath Keepers) радикалды оңшыл ұйымның негізін қалаушы 57 жастағы Стюарт Роудсты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол 2021 жылдың қаңтар айында Капитолияға шабуыл жасады және басқа да қылмыстары бойынша айыпты деп танылды.
Бұл кезде АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамптың жақтаушылары Конгресске басып кіріп, 2020 жылдың қараша айындағы сайлауда жеңіске жеткен демократ Джо Байденді бекітуге кедергі келтірмек болған.
«Сайлаудың нәтижесі ұнамаған топ революция жасамақ болды, заң сақталуы тиіс, біз бұған жол бермейміз. Мистер Роудс мен үкім шығарған ешбір адамға бұлай деп айтпағам. Сіз біздің елдің құрылымына, демократиясына үнемі үлкен қауіп туғызып келесіз», — деген судья Амит Мехта.
Үкім шығар кезде, Роудстың адвокаты оны саяси тұтқын деп мәлімдеген.
KAZAKBOL.COM