Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Ақшаны сақтап қалу». Путин режимінен қашқан ресейліктер Өзбекстандағы пәтер бағасын ушықтырды

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін мыңдаған Ресей азаматы Өзбекстанға көшті. Соның салдарынан Өзбекстанда пәтерге сұраныс артып, баға өсіп кеткен. Ресей – олардың жетуіне және бейімделуіне оңай елдердің бірі.

2,4 млн адам тұратын Ташкентте коронавирус пандемиясынан кейін тұрғын үй енді арзандаған. Бірақ Азаттық сөйлескен риэлторлар бағаның қайта өсіп жатқанын айтты. Олар кейінгі апталарда тұрғын үйді жалға алу орта есеппен 15 пайыз қымбаттады дейді.

«Өткен айдың басында Ташкенттің Сергели, Алмазар, Юнусабад секілді ең арзан аудандарында бір бөлмелі пәтер [айына] 3,13 млн сом (270 доллар) болатын, қазір 3,47 млн сомға (300 доллар) жетті» дейді Ташкенттегі «Крыша» тұрғын үй компаниясының маманы Лидия Назарова. «Яккасарай мен Мирабад аудандарында қазір баға 5,79 млн ($500) — 11,58 млн сом ($1000) шамасында».

Ташкентте тұрғын үй де қымбаттаған. Өткен айда бір шаршы метрі 7 миллион сом ($605) болса, наурыздың ортасында 8 миллион сомға ($691) жеткен.

Ресей Украинаға соғыс ашқан соң, Батыс елдері Мәскеуге біршама санкция салды. Осылайша рубль құнсызданып, Ташкенттегі тұрғын үйлердің де күрт қымбаттауына әсер етті.

Рубльдің құлдырауы өзбек валютасына да ықпал етті. Өткен аптада өзбек сомы 12 пайызға құнсызданып, 17 наурызда бір доллар 11800 сомға тең болды.

«Доллар өсіп жатыр [және] бұл тұрғын үй бағасының [өсуіне] де әсер етті» деді Назарова.

Санкциялар кесірінен жұмысынан айырылған өзбек мигранттары да еліне орала бастаған. Бұл да тұрғын үйдің қымбаттауына әсер еткен.

Назарова Өзбекстанға келген ресейліктер ақшасын тұрақсыз валютаға аударғаннан гөрі тұрғын үйге салғанды жөн көреді дейді.

24 ақпанда Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан бері Ресейден 200 мыңға жуық адамның кеткені айтылып жүр. Санкциялар кесірінен біршама компания жабылып, қызметкерлерін жұмыстан шығаруға мәжбүр болған.

Ресейдің мыңдаған азаматының Өзбекстанға барғаны хабарланды. Бұл елде халықтың екі пайызға жуығы – этникалық орыстар. Өзбекстанның көші-қон агенттігі осы күнге дейін ешқандай ресми дерек жарияламады.

Ресей азаматтары Орталық Азиядағы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан секілді елдерге көшіп жатыр. Тбилиси, Ереван, Хельсинки, Дубай, Стамбул, Анталияға кетіп жатқандар да бар. Бұл елдер Ресей азаматтарынан виза талап етпейді. Ал Батыс елдерінің көбі Ресей ұшақтарының қонуына және әуе кеңістігінен өтуіне тыйым салған.

АҚШАНЫ САҚТАП ҚАЛУ АМАЛЫ

Соғыс басталғалы Ресей азаматтарының мұндағы тұрғын үйлерге қызығушылығы артты дейді Ташкенттегі ең ірі құрылыс компаниясының қызметкері Азаттықтың Өзбек қызметіне.

«[Кейінгі кездері] Ресейден келетін клиенттер көбейді» деді аты-жөнін атамауды сұраған тұрғын үй брокері. «Олардың көбі [1991 жылы Совет одағы құлаған соң елімізден кетіп, қазір қайта оралып жатқан этникалық] орыстар. [Отанына] көп ақшамен оралып жатқан өзбек [азаматтары] да бар. Валюта күн сайын арзандап жатқандықтан, кейбірі ақшасын Ташкентке аударып жатыр. Олар тұрғын үй сатып алып, ақшасын сақтап қалғысы келеді. Егер [Украинадағы] жағдай жақсармаса, Ресейден елімізге бұдан да көп адам келеді. Яғни, тұрғын үй тағы қымбаттайды».

Өзбекстан шетелдік инвесторларға, IT-мамандар мен олардың отбасына IT виза беріп, мигранттар легін пайдаланып қалуға тырысып жатыр.

1 сәуірден бастап мұндай мамандарға қайта ұзартуға болатын бір жылдық IT виза беріледі.

Шетелден келген мамандардың балалары мектепте тегін оқиды, виза уақыты біткенше медициналық қызметті тегін алады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАСЫ

Ташкенттегі тұрғын үйді жалға алу бағасы қымбаттап, жоғары оқу орнының студенттеріне қиынға соқты.

«Жатақханаларда орын жоқ [және] Ташкентте бір бөлмелі пәтерді жалға алу 3,46 млн сом ($300) болды. Орталықта 5,79 миллион сомға ($500) дейін барады. Төрт-бес студент бірге тұрып жатырмыз, үй иесі бағаны әлі көтере қоймады» дейді студенттер.

Өзбекстандағы жатақханалар елдегі 600 мыңнан астам студенттің тек 30 пайызына жетеді.

Азаттықтың Өзбек қызметі материалының негізінде жазылды. Материалдың түпнұсқасын мына жерден көре аласыз.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM