Фото желідегі парақшадан алынды
«Қайырлы күн достар! Сіздерге өзімнің жеке өмірім жайлы айтқым келіп отыр! Иә, Ержан мен Әли, Дәурен. Мені бәрімен де қосып шықтыңыздар! Енді сіздерге айтарым: «Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын! Менің Дәурен Айдарқұловпен ешқандай қарым қатынасым жоқ. Кинода да маxаббат, өмірде де маxаббат болып кетіпті дегендерге: Ол кісіге қосуды доғарыңыздар! Менің тұрмысқа шығатын болашақ жарым мүлдем өнер адамы емес.
Ал Даурен Айдарқұловқа келетін болсақ, олар өз отбасылық жағдайын өздері шешсін. Тек мені араластырмауларын сұраймын. Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын! Білемін мені қанша қарғадыңыздар, жек көріп кеттіңіздер, ластадыңыздар, түрлі-түрлі жүрекке тиер сөздер айттыңыздар. Мен бәрін түсінемін. Алла қаласа келесі жылы той!
Әркім өз отбасымен бақытты болсын. Өздерінің лас тірліктеріне мені қоспасын. Егер бақытты отбасы болса, осыншама айқай-шу шығарып, елді дүр сілкіндірмес еді. Не дейін енді, бақытты болыңыздар!», — деп жазды ол.
Естеріңізге салсақ, аз уақыт бұрын «Кешью» тобының құрамындағы Ақбота Сейітмағамбет топтан кететінін мәлімдеген болатын.
Кейіннен оның топтан тұрмысқа шығуы себепті кететінін естіген жұрт оны «Гламұр для дур» фильмінде басты рөлді бірге сомдаған Дәурен Айдарқұловқа қосқан еді. Желіде оның әйелінің атынан ашылған парақшалар пайда болып, онда ол Дәурен отбасын үш баласымен тастап, Ақботаға кеткенін айтқан болатын.
KAZAKBOL.COM