Фу Юаньхуэй. Фото: bigpicture.ru
Рио олимпиадасында жеңісіне ерекше таңырқаған 20 жастағы қытайлық жүзгіш Фу Юаньхуэй желі жұлдызына айналды. Бұл туралы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
100-метрлік қашықтықта өз рекордын жаңартып финалға шыққан бойжеткен бұл туралы репортерден бір-ақ білгенде өз қуанышын жасыра алмайды. Юаньхуэйдің сұхбат кезіндегі ерекше қуанышы қалың жұртшылықтың назарына ілігіп, желідегі толассыз әзілдерге себепші болды.
Финалда Юаньхуэй қола жүлдені ұтқанынан тағы да бейхабар болып шығады. Ал репортердің «сіз қола ұттыңыз» дегенін естіген спортшының шаттыққа толы таңданысын елестетіп көріңіз.
20 жастағы спортшы финалға шыққанын білмеген болатын
Келесі күні Юаньхуэй қола жүлдегер атанды
Бойжеткен эмоциясын жасыратындардың қатарынан емес
Оның ерекше қуанғаны бірден елді өзіне қаратты
Фу Юаньхуэй 2015 жылы өз командасымен бірге
Оның ақкөңілдігі мен шынайылығы әлем жұртшылығын сүйсіндіруде