Заңсыз кен алумен айналысқан адам опырылған тау жынысының астында қалған.
Ақмола облысы Бестөбе ауылында кеніштен заңсыз алтын іздеушінің денесі табылды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, «қара» алтын іздеуші 1978 жылы туған. Болжам бойынша, тау жынысы опырылғанда, үйінді астында қаза тапқан. Мәйіт сараптамаға жіберілді.