Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақмола облысында он жеті оқушы ана атанбақ

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото

Ақмола облысында он жеті оқушы ана атанбақ. Ал, облыста биылғы жылдың он айында 62 жасөспірім жүкті болған деп хабарлайды 31 арна.

Мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болатын оқушы қыздардың саны биыл Ақмола облысында аса көп болып отыр. Жеткіншек жастан жыныстық қатынасқа түсіп, бала көтеріп қалатын қыздар бірден тіркеуге алынады.

«Өткен жылы 60 болатын, ал биылғы жылдың 10 айында 62 жасөспірім жүкті болып қалған. Оның ішінде 26-сы аборт жасатқан», — дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Шанхи Утебаева.

Жүкті болып қалған жасөспірімдердің ішінде отыз бесі мектеп оқушысы, ал тоғызы 9 сыныптан соң колледжге түскен студенттер.

«Біз әрқашан мектеп ішінде оқушылар арасында түсіндіру жұмыстырын жүргіземіз. Балаларына негізінен ата-аналар жауапты. Сондықтан ата-аналармен кездесіп, жиі жиналыстар өткіземіз. Жүкті болған жасөспірімдердің жартысы қазір отбасын құрған. Оқушыларға кешкі мезгілде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік қарастырылған», — дейді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Ковалева.

Бұрын-соңды болмаған мұндай келеңсіздіктің етек жаюына жағаларын ұстаған қала тұрғындары бұған қандай да бір тосқауыл қою қажет дейді. Әсіресе мектепте тәлім-тәрбиеге баса назар аударылғанын қалайды.

«Жастарда жалпы еркіндік өте басым. Соның салдарынан қыздардың жүктілік мәселесі өте көп кездесіп жатыр. Мектепке жаңа пәндер енгізу керек. Мүмкін қыздар клубын ашу керек шығар», — дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Раушан Сайлауқызы.

Десе де, мектеп бағдарламасына бұл мәселе бойынша әзірге қандай да бір өзгерістер енгізілмейді, дейді білім басқармасындағылар. Ал оқушылармен жыныстық қатынасқа түскен ер азаматтар заң бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM