АҚШ елшісі Джордж Крол тақия қиіп, Қазақстанның қасиетті мекендерін аралады деп хабарлайды NUR.KZ порталы елшіліктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
Фото: Facebook
«Елші Крол Оғландыда Қазақстанның Бекет-ата және Шолпан-ата тарихи ескерткіштеріне барды», — деп жазылған елшіліктің желідегі ресми парақшасында.
Айта кетерлігі, Маңғыстау облысындағы Бекет-ата жерасты мешіті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) жерленген жері секілді қасиетті мекендердің бірі саналады. Көптеген тұрғындар осы жерге көмек сұрап, алыс жерлерден келіп жатады. Бекет-атаның мешітіне көмек сұрап келгендердің өтініші періштенің құлағына шалынады деген аңыз тараған.
Ал Шопан-ата жерасты мешіті — Қазақстанның ең көне тарихи ескерткіштерінің бірі. Сенім бойынша, Шопан-ата Ахмет Яссауидің түлегі болған.