Владимир Путин. Фото: Риа Новости
Бұл туралы Керек-инфо хабарлайды.
Ақтөбе қалалық №2 сотында процесс 29 қарашада басталды. Құзырлы органдар Санат Досовты өткен жылдың соңынан бастап бақылаған. Ол Ресей Федерациясы президенті жайлы ақпараттарды өз парақшасында тұрақты түрде жариялаған. Сондай-ақ, ол президенттің жеке басына тіл тигізіп, оның саясаты туралы пікір білдірген.
Санат Досовтың өзі Владимир Путинді қорлайтындай ойы да болмағанын айтты. Алайда адвокаттың айтуынша, ол жазбаларды жариялағанын бірен-саран мойындаған. Ал қалған жазбаларды ол емес, хакерлер жазып қойған деп ақталған.
Сот процесіне ҰҚК-нің Ақтөбе облысы департаменті қызметкері куәгерлік етті. Оның айтуынша, Санат Досов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына “Путин фашист” деп жазып қойған.
Сот жалғасуда.
KAZAKBOL.COM