Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбеде отшашулар сататын базарларды жаппай тексеру басталды

KAZAKBOL.COM

Әсіресе, халық көп баратын орталық базар жіті тексерілді.

Ақтөбеде жаңажылдық отшашулар сататын базарлар мен дүкендерді жаппай тексеру басталды, — деп хабарлайды  Хабар 24.

Әсіресе, халық көп баратын орталық базар жіті тексерілді. Қазір шаһарда түрлі отшашулар саудасы қызып тұр. «Тосыннан келген тексеру саудагерлерге ұнамаса да, төтенше жағдайдың алдын алуымыз керек», – дейді мамандар.

Арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, рейд кезінде кедергілер де болады екен. Сатып тұрған заттарын тастай қашатындар бар. Пиротехникалық бұйымдарды ешқандай құжатсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, отшашулары тәркіленеді.

Бүгінгі тексеру кезінде «бенгал оттарын» сатуға рұқсаты құжаты жоқ бірнеше саудагер анықталды. Рейдке шыққан топ тұрғындарға үн-парақ таратып, отшашудан келер қауіп туралы да айтты. Әзірге, жарылғыш заттардан жарақат алу дерегі тіркелмеген.

– Бұл рейдтің мақсаты – сертификатталған пиротехникалық заттардың арнайы сауда нүктелерінде сатылуын қадағалау. Сонымен бірге, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру. Әсіресе, балалардың абай болғаны жөн. Жарылғыш отшашулардан көбінде балалар жарақат алады, — дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері Әсет Айтжанов.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM