Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытынан қара алтынды ұрлауға қатысты арнайы операция кезінде қылмыс әлемінің серкесі Еркін Ізбасаровтың тікелей қатысы бары анықталған болатын.
Фото: vk.com
Атақты «Ағайынды төртеу» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың белді мүшесі Еркін Ізбасаров кеше Алматыда ұсталды хабарлайды NUR.KZ. Ол оққағары мен көлік жүргізушімен көше бойында қолға түскен.
Фото: wrestdag.ru
50 жастағы Еркін Ізбасаров қылмыс әлемінде «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал топтың белді мүшесі. Еркін Жұмашұлы бірнеше жыл бұрын жол апатына түсіп, арбаға таңылған болатын.
Фото: wrestling.kz
Ол спортсүйер қауым арасында еркін күрестің ірі демеушісі ретінде танымал. Күрес федерациясы оған қазақ спортына және күресті қолдағаны үшін үнемі алғыс білдіріп отырады.
Фото: vk.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан мәліметтерге қарағанда қылмыстық топтың мүшелері радикалды салафиттерді қолдаушылар. Осындай лаңкестік пиғылдағы топтар мұнай ұрлығымен жүйелі тұрде айналысып, табысты кәсіптен тапқан ақшасына қару-жарақ сатып алып отырған.
KAZAKBOL.COM