Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтөбелік журналист әйелдерге ел естімеген құттықтау арнады

KAZAKBOL.COM

«Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желі арқылы қыз-келіншектерге құттықтау сөз арнады деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Сұлулардың кесірінен болатын жағдайлардың қатарына соңғы кезде ғаламторда көп талқыланып жатқан жүрегі жұлынған ана туралы мысал да бар. Журналистің тілегін көпшілік ел естімеген құттықтау деп қабылдап, алғыстарын білдіріп жатыр.

«Құрметті қыз-келіншектер!

Сендердің кесірлеріңнен жұмақтан қуылдық…

Сендердің кесірлеріңнен Әбілді Қабыл өлтіріп, жер бетінде алғаш рет қан төгілді…

Сендердің кесірлеріңнен ел мен ел соғысты, мемлекеттер күйреді…

Сендердің кесірлеріңнен бала анасын өлтіріп, жүрегін жарып алды…

Сендердің кесірлеріңнен арабтың Әбу Әл Қайс атты тәп-тәуір ақыны ақылынан адасып, азан шақырып қойған аты ұмытылып, «Мәжнүн» атанды…

Не істемедіңдер сендер бізге?!

Сонда да:

«Шаштарың ұзын, ақылдарың қысқа» екенін біле тұрып, сендердің айтқандарыңды тыңдаймыз;

Әлдеқайда күшті бола тұра, жанымыз қысылғанда, сендерден пана іздейміз;

Ұрысып қалсақ, ақыры сендердікі дұрыс болып шығады;

Ең бастысы, біздің сендерге деген сезіміміз, ынтықтығымыз, махаббатымыз бір сәтке де болса да бәсеңдеген емес!

Неге?

Өйткені Алла сендерді сондай Сүйкімді етіп жаратты! Ал Алланың ісінде мін жоқ!

«Меңдекеш ақын айтпақшы, бір қыздың баласы, бір қыздың жары, бірнеше қыздың әкесі болудан артық бақыт жоқ!

Мерекелерің құтты болсын!», — деп нәзік жандыларды мерекесімен елден ерекше құттықтады Бауыржан Бабажанұлы.


KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM