Бердібек Сапарбаев қаланың ауасын ластап отырған кәсіпорындар басшыларын жинап, мәселені шешудің нақты жолдарын талап етті.
Облыстық экология департаменті басшысы Жақсығали Имақұловтың айтуынша, қалада тек күкіртті сутектің ауадағы құрамы шамадан сәл асып тұр. Бұған облыс әкімі келіспеді. Қаладағы сасық иісті жақсырақ сезу үшін ол Жақсығали Иманқұловқа Махамбетов ауданында тұрып қайтуға кеңес берді, деп жазады Aktobenews.kz.
Айта кетейік, бүгін облыстық әкімдікте қаладағы экологиялық жағдай талқыланды. Бердібек Сапарбаев қаланың ауасын ластап отырған кәсіпорындар басшыларын жинап, мәселені шешудің нақты жолдарын талап етті.