Сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.
Ақтауда 63 жастағы әйел 12 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап қайтыс болды, — деп хабарлайды Today.kz «Ладаға» сілтеме жасап.
Туысқандарының айтуынша, зейнеткер пәтер жалдаған. Сол пәтердің маңынан оның денесі табылды.
Қарт кісінің өлімі дерегімен ҚР ҚК 105 бабы «Өз-өзіне қол салу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.