Көрнекі фото желіден алынды
Бұл туралы Маңғыстау облыстық жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының бапсасөз қызметі хабарлады.
69 жастағы зейнеткер 5 жылын темір торда өткізеді және 8 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салынды. Сонымен қатар, арызданушы тарапқа ол 500 мың теңге көлемінде өтемақы беруі тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге салайық, оқиға былтыр желтоқсанда Маңғыстау облысының Шетпе ауылында орын алған болатын. Ол кезде 9 жасар оқушы қыздың ата-анасы мен мектеп мұғалімі дабыл қағып, автобус жүргізушісінің үстінен полицияға арызданған еді.
Айтуларынша, зейнеткер кішкентай қызға «махаббат» тақырыбында СМС-хабарламалар жазған. Сондай-ақ, ол кішкентай қыздарға үнемі тәтті әперіп, тізесіне отырғызғанды жақсы көреді екен.
KAZAKBOL.COM