Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ақтауда ер адам ұлының өліміне кінәлі күдіктіні өзі жазалады

KAZAKBOL.COM

Ол өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінген адамды ұрлауға екі рет танысын жалдаған.

Ақтау тұрғыны ер адамды айдалада ұрып өлтіріп, сол жерге көміп кеткен. Ол 19 жылға сотталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz, Lada.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Темірлан (аты-жөні өзгертілді – агенттік ескерт.) өз ұлын Маңғыстау облысының тұрғыны Марат өлтірді деп күдіктенген.

Темірлан күдіктіні ұрлау мақсатында танысы Тимурдан көмек сұрап, үш мың АҚШ долларын беретінін айтады. Тимур үш ер адамды жалдаған.

Олар Маратты іздеп Жаңаөзенге келген. Марат үйден шыққан кезде қолын байлап, елсіз далаға алып келеді, ол жерде Темірлан күтіп алған.

Өлтіремін деп қорқытқан соң «күдікті» Темірланның ұлын өлтіргенін мойындайды. Осыдан кейін Темірлан құқық қорғау органдарына хабарласып, Марат қылмысты мойындағанын айтады. Дегенмен полицейлер Маратты қамауға алмаған.

Кейінірек Темірлан Маратты екінші рет ұрлап әкеткен. Ол үшін сыбайластарына төрт миллион теңге беруге уәде еткен. Маратты тағы да елсіз жерге алып келеді. Бұл жолы Марат Темірланның ұлын өлтіргенін мойындамайды. Содан кейін Темірлан оны ұрып өлтірген. Мәйітті сол жерге көміп кеткен.

Кісі өлтіргені үшін Темірлан 19 жылға, ал сыбайластары 16 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM