Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Абу-Даби плаза» кешені тағы да жалақы дауына ілікті

KAZAKBOL.COM

10 маусымда Нұр-Сұлтанда «Абу-Даби плаза» кешенін салып жатқан жүзден астам құрылысшы жалақының кешіктірілуіне наразылық білдірді.

Абу-Даби Плаза кешенінің иесі Arabtec Consolidated Contractors Limited (ACCL) компаниясы кеңсесінің алдына жиналған наразылардың сөзіне қарағанда, екі айдың (сәуір мен мамыр) жалақысын алмағандар 500-ге жетіп жығылады. Олар өздерінің «Казахстан строй техно» және «Қазинжиниринг» компаниясы құрылысшылары екенін нақтылап өтті.

Сәлден соң жұмысшылардың алдына ACCL өкілдері шықты. Бірақ олар қанша адамның жалақы алмағанын айта алмады.

«Мен өзім Жетісайдан келгенмін. Ауылдағы бала-шағама ақша салып жіберуім керек. Пәтерақысын төлеу үшін несие алдық. Оның үстемақысы тағы бар. Жаңа 1,5 айдың жалақысын төлейміз дейді. Біз оған келіспейміз. Ол ештеңеге жетпейді. Екі айдың жалақысын толық төлесін» деді құрылысшылардың бірі Тұрсынбек Халықов.

«Казахстан строй техно» компаниясының атқарушы директоры Азамат Нұртаевтың айтуынша, тапсырыс беруші компания құрылыс компаниясына ақша аудармаған. Сол себепті жалақыны кешіктіріп отырғанын жеткізді.

Ал АCCL өкілінің түсіндіруінше, кешен құрылысы халықаралық жоба болғандықтан пандемияның салдарынан туындаған қиындықтар ақша аудару операциясына кедергі келтіріп отыр. Компания өкілі жұмысшыларға 10 маусым кешке дейін жалақыларын аударуға уәде берді. Ал наразылар жалақы бермейінше, құрылыс алаңына бармайтынын айтып, компания кеңсесі алдында кешке дейін күтетін болып өзара келісті.

2009 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысуымен құрылысы басталған, Орталық Азиядағы «ең биік ғимарат болады» делінген кешен алғаш рет дауға ілігіп отырған жоқ. Былтыр кешенді салып жатқан құрылысшылар жалақы өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылыққа шыққан. Сәуір айында да «Абу-Даби плаза» кешені төңірегінде жалақы дауы туындаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM