Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Адвокат: Павлодардағы ұлты ұйғыр Қытай азаматына депортация қаупі төнді

KAZAKBOL.COM

Павлодар қалалық көші-қон полициясы Қазақстан берген ықтиярхатты қайтарып алғандықтан, ұлты ұйғыр Сымайыл Әбілқасым Қытайға депортациялануы мүмкін. Бұл туралы Азаттыққа адвокат Алмагүл Бахралинова хабарлады.

– Кеше, 10 қарашада учаскелік полицей Сымайыл Әбілқасымның паспортын, ықтиярхатын алып, өзін көші-қон қызметі бөлімшесіне әкеткен. Маған инспектор «Нұр-Сұлтан қаласы көші-қон қызметі басқармасынан хат түскенін, хатта Сымайыл Әбілқасымға ықтиярхат заңсыз берілгені, оның күшін жою қажеттігі» туралы жазылғанын айтты. Қазақстанда заңды түрде тұрып жатқан адамның құжатын қайтарып алу үшін тиісті қорытынды жасалып, құжатты жою туралы шешім шығуы тиіс. Бірақ олар «бұл сұрақты Нұр-Сұлтанға қоясыздар, біз тек құжатты қайтарып алуымыз керек» деп жауап берді, — дейді адвокат.

Адвокаттың сөзінше, инспектор Нұр-Сұлтаннан келген хатты көрсеткен. Онда Нұр-Сұлтан қаласы көші-қон қызметі мамандарының Сымайыл Әбілқасымға тұрақты тұруға рұқсат берген кезде қателік кеткені анықталғаны жазылған.

«Сымайыл Әбілқасымның ісін тексеру барысында уақыты өтіп кеткен визаның негізінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат бергені анықталды. Нұр-Сұлтан полиция департаменті көші-қон қызметі және аудандық бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соған байланысты 2020 жылы 23 желтоқсанда берілген ықтиярхат күшін жою туралы шешім қабылданғанды» дейді хатта.

Адвокат «қателікті көші-қон қызметі басқармасының қызметкері жіберді, Сымайыл Әбілқасым заң бұзған жоқ, сондықтан оның ықтиярхатын жою заңсыз» деп санайды. Ықтиярхаты жойылған Сымайыл Әбілқасымға көші-қон қызметі елден шығуға бір ай уақыт берген. Бірақ ол Қытайға қайтып бара алмайтынын айтып отыр. Қытайда мұсылмандардың қудаланып жатқаны жайлы ақпарат жиілеген шақта ол жаққа бару қауіпті дейді.

— Әкем — ұйғыр, анам – қазақ. Қытайдағы жағдай қиындай бастағанда, осыдан төрт жыл бұрын әйелім екеуміз бес баламызбен кетіп қалдық. Әке-шешем мен үш бауырым сонда қалды. Алғашында сөйлесіп тұратынбыз, кейін анам «сен хабарлассаң бізге полиция келе бастайды» деген соң, хабарласуды қойдым. Төрт жыл болды, хабарсызбын. Алдымен туристік визамен Қырғызстанға келдік. Кейін Стамбулда бірер ай болып, Қазақстанға келдік. 2019 жылдан Павлодарда тұрып жатырмын. Құжаттарды көші-қонға тапсырып, сол жерден ықтиярхат алдым. Заң бұзбадым. Енді оным заңсыз, елден шық деп жатыр. Қайда барам? Қытайға қайтып бара алмаймын, ол жақ қауіпті, — дейді 48 жастағы Сымайыл Әбілқасым.

Оның сөзіне қарағанда, бала-шағасы қазір Қырғызстанда тұрып жатыр. Әйелі Қырғызстан азаматы. Оларға еш қауіп жоғын айтады.

Бұл мәселеге жөнінде Азаттыққа Нұр-Сұлтандағы көші-қон басқармасының баспасөз қызметі «ресми сауалға жауап береміз» деді. Ресми сауал жолданды.

Ықтиярхат шетел азаматтарына 10 жылға берілетін құжат. Ол азаматтық алғанға дейін Қазақстанда тұрақты тұруға мүмкіндік береді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM