«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жаңа команда сапындағы Чемпиондар лигасы сәтсіз басталды. Бәрібір де туриндік клубтың жеңісімен аяқталған кездесудің 29 минутында көпшілік сенім артқан португалиялық жұлдыз алаңнан қуылылып тынған деп жазады NUR.KZ.
Ойын барысында Роналду Валенсия қорғаушысымен қақтығысып қалып, нәтижесінде қызыл қағазға ие болған. Кездесуде төрешілік етпен Феликс Брих шабуылшының Джейсон Мурильоның бетінен соғып жіберді деп есептеп, оны алаңнан қуып жіберді.
Оның шешімімен келіспеген Криштиану алаңнан көз жасын тыя алмай кетті.
Айта кетейік, бұл Роналдудың жаңа командаға келгелі бергі Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойыны. Испанияда өткен кездесуде туриндік клуб португалиялық жұлдыссыз-ақ, Валенсиямен ойында 0:2 есебімен жеңіске жеткен.
KAZAKBOL.COM