Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматыда апелляция Қаңтарда қаза тапқан бес адамға шыққан айыптау үкімін өзгертпеді

KAZAKBOL.COM

Бүгін, 14 маусымда Алматы қалалық соты Қаңтар оқиғасы кезінде қала орталығында оққа ұшқан бес адамның жақындарының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

2 мамырда Алматының Бостандық ауданының №2 соты оқ тиіп қаза болған бес адам – Серік Керімовті, Қанат Әубәкіровті, Нұрболат Қасымжановты, Аслан Уәлиевті және Шыңғыс Тастанбековті «жаппай тәртіпсіздікке қатысып, мемлекеттік нысандарға шабуылдады» деп соттаған. Сот бес адамды қаза табуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Марқұмдардың туыстары үкімге келіспей, оларды ақтауды талап етіп, апелляциялық шағым түсірген еді.

Шағымды қараған Алматы қалалық сотының алқасы бес марқұмды айыпты деп таныған алғашқы инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Апелляциялық сотта марқұмдардың адвокаттары мен жақындары алғашқы инстанцияда айыптың қай-қайсысы да дәлелденбегенін, тергеу көрсеткен фотолар мен видеолардағы адамдар жақындары емес екенін айтты.

Ал шағымды қараған сот алқасы «алғашқы инстанцияда іс заңға сәйкес зерделенді, сотқа дейінгі тергеу барысында сараптамалар заңды және негізді тұжырымға келген, сондықтан үкімді өзгертуге негіз жоқ» деп таныды.

Марқұмдардың жақындары бұл шешімге келіспейтінін, енді кассациялық сотқа шағым түсіретінін айтты.

– Күйеуім Алматыдағы президент резиденциясы маңында жерде жаралы жатқан адамға көмектеспек болғаны видеода бар, сол үшін атып тастады. Ал тергеу оның бұл ісін резиденцияға шабуыл жасау дейді. Әділетсіз ғой. Мен келіспеймін, Жоғарғы сотқа дейін барам, – дейді марқұм Қанат Әубәкіровтің әйелі Ләйла Әлдибекова.

  • 238 адамның өмірін қиған Қаңтар қырғыны бойынша сот процестері аяқталып келеді. Бас прокуратураның мәліметінше, елде 1600-ден астам адамға Қаңтар бойынша үкім шыққан. Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Атырау және Талдықорған қалаларында жүздеген адамның соты өткен. Оларға «жаппай тәртіпсіздік», «қару-жарақ ұрлау», «ғимараттарды басып алу» және өзге де баптар бойынша айып тағылған. Елде Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған біраз адам рақымшылық заңымен босап шыққан.
  • Осыған дейін айыпталушылардың кейбірінің жақындары мен адвокаттары тергеу органдары істерді «біржақты қарағанын» айтып, «органдардың әділетсіздігіне» шағымданған. Қаңтар кезінде жақындарынан айырылған азаматтар қаза болған марқұмдарды ақтауды талап етіп, Астанаға дейін де барған. Олар «жақындарының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы барын дәлелдейтін ешқандай айғақ жоғын» айтып, «әділетсіз үкімдердің» күшін жоюды сұраған. Осыған қатысты сұрақтарға жауап берген билік пен құқық қорғау органдарының өкілдері «тергеу мен сот процестері әлі толық аяқталмағанын» алға тартып келеді.
  • Қаңтар кезінде оққа ұшқан және азапталған азаматтарға қатысты шағымдардың басым бөлігі қаралмағанын құқық қорғаушылар, белсенділер мен саясаткерлер сынаған.
  • Қаңтар бойынша құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің бірқатары «билік өкілетін асыра пайдалану», «әрекетсіздік таныту», «азаптау» баптары бойынша жауапқа тартылған. Алайда құқық қорғаушылар «Қаңтардағы қантөгістің шындығы толық ашылмады, бейбіт наразылардың өліміне кінәлілер толық жауапқа тартылған жоқ» деп есептейді. Билік Қаңтарды халықаралық дәрежеде тергеу жөнінде бастама көтерген құқық қорғаушылардың ұсынысын кері қайтарған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM