Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматыда коронавирус өршіп тұр, толық карантин жариялануы мүмкін (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда 21 наурызда 1208 адамнан коронавирус табылды. Ал 20 наурызда тағы 21 адам «коронавирус пневмониясына» шалдыққан. Елде Covid індетінен тағы сегіз адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматыда Наурыз мейрамын көпшілік орындарда атап өтуге тыйым салынды. Алматының санитарлық билігі егер індет жұқтырғандар өрши берсе, қала былтырғыдай толық карантинге жабылады деді.

Алматыда әсіресе балалар мен жастар коронавирусты көп жұқтыра бастаған, сондықтан инфекцияның жаңа штамдарын анықтау жұмысы жүріп жатыр. Осылай деп Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

– Жаңа штамның жұғу көрсеткіші былтырғыдан 70 пайыз жоғары. Ауру жасарып барады. Былтыр ауырғандардың көбі 1980 жылдан бұрын туғандар болса, биыл – 1990 жылдан бұрын туғандар. Мектепке дейінгі балалар арасында ауырғандар екі есе артты. Мектеп оқушылары арасында ауырғандар үш есеге жетіп қалды. Мұның барлығы жаңа штамм жылдам жұғатынын айғақтайды. (…) «Оңтүстікафрикалық штамм» табылған Ресеймен арадағы шекараның ұзындығын ескере отырып, ең алдымен бізде болуы мүмкін деген «оңтүстікафрикалық штамды» іздеп жатырмыз, – деді Бекшин.

Жаңа штамдардың келу ықтималдығына қатысты пікір білдірген бас санитар дәрігер оларды «тәртіпсіз шетелдіктер» емес, Түркия арқылы түрлі елден келіп жатқан қазақстандықтар тасымалдаған болуы мүмкін деді.

Ресми дерек бойынша, елде барлығы 232 мың 906 адамнан коронавирус табылған. Былтырғы 13 наурыздан бері елде 2924 адам көз жұмды.

Ал «тесті теріс, бірақ Covid белгілері бар пневмонияға» 50121 адам шалдығып, 662 адам қайтыс болған. Билік «пневмония» статистикасын 1 тамыздан бері жүргізіп келеді.

Қазір елде 21314 адам емделіп жатыр. 18229 адамның тестінен коронавирус табылған. 287 науқастың жағдайы ауыр, 65 науқастың халі тым ауыр, 35 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM