Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматыда Украинаны қолдау акциясы өтті (видео)

KAZAKBOL.COM

6 наурызда Алматыда түскі сағат 12-де «Сарыарқа» кинотеатрының артында Украинаны қолдау акциясы басталды. Оған басында шамамен 300 адам жиналған. Артынша олардың саны бірнеше мыңға барды.

Жиналғандардың қолында «Соғысқа жол жоқ», «Соғысты тоқтат!» деген қазақ, орыс, ағылшын тілдерде жазылған плакаттар болды. Олар «Соғысқа жол жоқ!», «Украина жасасын!», «Путин. Гаага. Түрме», «Үнсіздік – қолдаумен пара-пар» (Молчание – соучастие) деп айқайлады.

Митингінің алдында Қазақстан және Украина әнұрандары айтылды.

Бұған дейін әкімдік аталған митингіні қала орталығындағы Уәлиханов алаңында өткізуге рұқсат бермеген. Билік ол жақта «жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін» айтқан. Сол себепті белсенділер наразылық акциясын орталықтан алшақ жердегі «Сарыарқа» кинотеатрының артында өткізуге мәжбүр болған. Бұл рұқсат етілген митинг.

Митинг ұйымдастырушылардың бірі Дәулет Әбілқасымов «бұл митинг Ресей халқы, Украина халқына қарсы емес, Путинге, соғысқа қарсы митинг» деді.

– Путин өз мансапқұмарлығының тұтқынына айналды. Осы соғысты бастаған – сол. Ол қазір жеңіліп жатыр, идеология жағынан да, әскери жағынан да. Ол енді аяғына дейін баруға тырысады… Біз бұл жерде қандай да бір ұлтқа қарсы емеспіз. Орыстарға не украиндарға қарсы емеспіз. Біз Путинге қарсымыз. Бейбітшілікті қолдаймыз, – деді белсенді.

Митингіде сөйлеген кейбір белсенділер «Қазақстан Ресей құрған одақтар мен ұйымдарға (Еуразия экономикалық одағы, ҰҚШҰ т.с.с — ред.) өз еркімен кірген жоқ, оны Назарбаев референдум өткізбей, халықпен ақылдаспай кіргізді. Одан шығуды талап етеміз» деді.

Құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов украин халқы жылдар бойы әділ сайлау, митингіге шығу сияқты азаматтық құқықтары үшін күресіп, соған қол жеткізді. Қазір де украиналықтар туған елінің әрбір сүйем жері үшін күресіп жатыр деді.

Жиналғандар егемен елдің территориялық тұтастығына нұқсан келтірген Ресейдің агрессиясын айыптап, мұндай қауіп Қазақстанға да төніп тұрғанын айтты. «Украина мен Ресей шекарасы 3 мың шақырым, ал Қазақстан мен Ресей шекарасы 7 шақырымға созылады» деді олар. Кейбір азаматтар Ресей агрессиясын айыптаған БҰҰ резолюциясына дауыс берген кезде қалыс қалған Қазақстан билігінің әрекетін айыптады. Артынша «Масқара» (Позор) деп айқайлады.

Келгендер сонымен бірге Қара теңізде Змеиный аралын қорғап, ерлікпен қаза тапқан украин шекарашыларын еске алды.

Екі сағатқа созылуы тиіс болған митинг бітетін уақыт таяғанда белсенділер әкімдіктің шараны тоқтатуды талап етіп жатқанын айтып, соған қарамастан шараны тағы бір сағатқа созатынын айтты. Шешімді халықтың өзі қабылдауы тиіс екенін айтып, «халық – билік» деп айқайлады.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда да бұған дейін Украинаны қолдау акцияларыөткен. Полиция кейбір белсенділерді ұстап әкеткен.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда Украинаға әскерін кіргізіп, түрлі нысандарды атқылай бастаған. Содан бері мыңдаған адам опат болды, 1,2 млн адам өзге елдерге босып кетті. Қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар бар.

Батыс елдері Кремльдің әрекетін қатаң айыптап, санкция салды. Украинадағы әскери қылмыс бойынша халықаралық дәрежеде зерттеу басталды.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM