Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты істегі төрт адам алты жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Алматыдағы сот қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша төрт айыпталушының әрқайсын алты жылға соттады. Бұл туралы Азаттыққа 24 мамырда қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Төртеуі де өткен аптада «Қарақшылық» бабының 3-тармағы негізінде қозғалған бір қылмыстық іс бойынша сотталған. Қылмыс «төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан» жаза ауырлатылған. Істің басқа да мән-жайы хабарланбады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-20 мамыр аралығында Алматының қылмыстық соттарында 11 үкім шыққан. Он істегі 17 адам бас бостандығынан айрылған. 11 істің тоғызы «Ұрлық» бабы негізінде қозғалып, 15 адамның ісі қаралған.

Қазақстан билігінің мәлімдеуінше, қаңтар оқиғасы кезінде және кейін ұсталғандар азаптауға қатысты 200-ден астам арыз түсірген. Шағымдар негізінде қылмыстық істер қозғалған. Әзірге күш құрылымдарының бар болғаны 11 қызметкері күдікті атанғаны мәлім.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған 238 адамның кем дегенде сегізі «тергеудің заңға қайшы әрекеті» салдарынан көз жұмған.

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарға қатысты істер әділ тергелмей, іс материалдары бір мекемеден екіншісіне еш нәтижесіз өтіп жатқанын мамыр айында халықаралық Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы хабарлады. Ұйым билікті тергеу жүргізетін тәуелсіз орган құрып, оның құрамына халықаралық сарапшы тартуға шақырды.

Қазақстан билігі қаңтар оқиғасын шетел сарапшыларының қатысуымен тергеу ұсынысын қабылдамады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM