Иллюстрациялық фото
Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан жеті адам қаза тапты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бес адам оқиға орнында қаза болған, өзге екеуі емханада көз жұмды.
Жол апаты Алматы-Бішкек тас жолының 109-шақырымында, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылының маңында болған. «Форд Фокус» пен «Хонда Элисон» көліктері соқтығысып қалған.
«45 жастағы «Хонда» жүргізушісі мен оның көлігінде жолаушы болып отырған 36 жастағы ер адам Ұзынағаш ауылындағы емханада жатыр. Алдын ала болжам бойынша, «Форд» жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен», — делінген баспасөз хабарламасында.
Жол апаты орнында Жамбыл ІІАБ жедел қызмет тобы мен облыстық полицейлер әлі де жұмыс істеуде.