Көрнекі фото: vk.com
5 наурыз күні кешке Талғар АІІБ кезекші бөліміне орталық қалалық мешітте бомбаның қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері 18 дін қызметкерлері мен келушілерді қауіпсіз жерге көшіріп, мешіт пен жақын жатқан аумақты тексеріп шықты.
Тексеру кезінде күш құрылымдары жарылғыш заттар мен өзге күдікті заттар тапқан жоқ.
«Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Қоңырауды ол мас күйінде соққан болып шықты. Қазір ұсталған адам Талғар АІІБ уақытша ұстау изоляторына отырғызылды», — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Облыстық полицияның хабарлауынша, терроризм актісі туралы жалаған хабарлама беру дерегіне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
KAZAKBOL.COM