Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

KAZAKBOL.COM

Биыл мыңжылдық меретойын тойлағалы отырған Алматы қаласы жайлы не білеміз?

Мамандардың сөзінше сан ғасырды бастан өткерген алып шаһар соңғы 130 жылда ғана екі рет толықтай қирап, қайта тұрғызылған.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Бүгінде сұлулығы көз тартатын алып мегополис тек Қазақстанның ғана емес, әлем халқы сүйсіне қарайтын қалаға айналды.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Ғалымдардың пайымынша, Алматы қаласы орналасқан өңір — сейсмологиялық апатты аймақ. Бірінші рет 1887 жылы жер сілкінісі болып 236 адамның өмірін қиып кетсе, бұл оқиға екі жылдан кейін 1889 жылы тағы қайталанған.

Одан соң 1910 жылы 22 желтоқсанында 9 баллдық жер сілкінісі болып, 44 адам қаза тапқан. Ал қираған ғимараттарда есеп жоқ.

«Егер сол кездегі 9 баллдық жер сілкінісі бүгінгі таңда орын алар болса, Алматы қаласында 25 000 ғимарат құлап, 100 000-нан астам адам шығыны болуы мүмкін» дейді жапон ғалымы Сэгава Сюке.

Әрине, апат айтып келмейді, бұл жер сілкіністері еліміз үшін соңғысы болсын деп тілейміз.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

NUR.KZ порталы алып шаһардың мерейтойына орай тарих қойнауына кірген елеулі оқиғаларды халыққа қайта паш етуді жөн санап отыр. Осы ретте елдің есін алған, 1887 және 1910 жылдары болған ең үлкен қорқынышты зілзаланың салдарын көрсетпекпіз. Суреттер легі 129, 106 жыл бұрын түсірілген.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

1887 жылы түңгі сағат 4 35 шамасында Верныйда (Алматының ескі атауы) магнитудасы 9-10 баллдық шамасында жер сілкінісі орын алған.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

1887 жылғы жер сілкінісі кезінде қираған қыздар гимназиясы. Суреттің авторы- А. Лейбин.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Апат орын алғанға дейін қалада жалғыз қоғамдық монша болған. Зілзала кезінде ол да қирап қалды.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Қалалық училищенің ғимараты жерсілкінісі кезінде толықтай жарамсыз болып қалған. Фото авторы –А.Ионов.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Орталықтағы татар мешітінің зілзаладан кейінгі кейіпі. Фото авторы – А. Левин.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Кірпіштен тұрғызылған Покровский шіркеуі жер сілкінісі кезінде толықтай қирап қалған. Фото- А. Ионовтікі.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Губернаторлар үйі.

Жетісу облысы әскери губернаторы А.Я. Фриденің Дала өлкесі генерал-губернаторы Г.А.Колпаковскийге жазған шұғыл телеграммасында былай делінген: «Таңғы бесінші сағаттың соңына қарай күшті жер сілкінісі Верныйдағы көптеген ғимараттарды қиратты, солардың қатарында; шіркеулер, гимназиялар, губернаторлық үй, госпиталь толығымен құлап, үлкен зақым келді. Көптеген зардап шеккен және қорқып қалған тұрғындар көшеде жүр. Қажетті шаралар қолданылуда және қарауылдау үшін әскер шақыртылды. Сағат 11-де белгілі болғандай 112 адам қайтыс болған, олардың көбісі балалар. Мәлімет әлі толық емес. Ұсақ жер сілкіністері тоқтар емес».

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Үлкен станция ауданында орналасқан (қазір Көк базардың артқы бөлігі) Никольск шіркеуі.

1887 жылы Верный қаласының тұрғындарының саны 30-ға жуықтаған. Кейбір деректер бойынша жер сілкінісі кезінде 226 және 332 адам шығыны болған делінген. Олардың басым көпшілігі балалар екен.

«Наш мир» газетінің жазуы бойынша 1887 жылы 28 маусым күні қалада 2 рет жер сілкінісі тіркеліпті.

«Толқулардың күштігілі соншалық ағаш үйлер әп-сәтте қирап қалды. Әрбір жерсілкінісінің ұзақтығы шамамен минутқа созылды. Адамдар далаға жүгіріп шыққан, оларды қорқыныш пен үрей билеп алған. Осылайша Верный жоқ болып кетті» делінген мақалада.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Алматыдағы екінші үлкен жерсілкінісі 1911 жылдың 4 қаңтар күні тіркелген. Кейбір деректерде 1910 жылдың 22 желтоқсаны деп көрсетіліпті. Апаттың күштілігіне орай оған «Кеминскілік» деген атау берілген. Себебі жер тербелісінен соң, қала ішіндегі көшелер қақ айырылып, жырықтар пайда болған. Соққы күші — 9-10 балл, ал магнитудасы — 8, 2 баллды құраған. Ошақ тереңдігі — 25 шақырым.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

1870 жылы Верный басшылары халыққа үй тұрғызуда ағаш емес, қолдан жасалған сазды кірпішті қолдануға рұқсат берген. Ондағы мақсат — қаланың сыртындағы жасыл желектерді қиғызбай, экологияны сақтау.

Алайда, сабан мен саз балшықтан тұрғызылған ғимарат, баспаналардың барлығы 2 зілзала кезінде жермен жексен болған. Кейінгі жер сілкінісінен соң Верныйда үйлерді кірпіштен тұрғызуға тиым салған.

Алматыда алғашқы ғылыми жұмыстар осы жер сілкіністерінен соң жүргізіле бастаған. Дерек көздеріне сүйенсек, ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Верныйда алғашқы сейсмикалық станциялар желілері пайда болған.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

1910 жылғы жер сілкінісі кезінде Верныйда 66 адам қаза тапты, 616 үй толығымен қирап қалды. Кеминскілік жер сілкінісінен барлығы 390 адам қайтыс болды делінген мұрағатта.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

Бұл фотодағы азаматтар құтқарушылар мен зілзаладан зардап шеккендерге көмекке келген еріктілер. Араларында жасы 12-ге жетпеген жеткіншектер де бар.

Тарихи ақпарларға сүйенсек, 1910 жылғы Алматыдағы күшті жер сілкінісі Екатеринбург, Бомбей және Калькутта сияқты көптеген қалалардың сейсмостансаларында да тіркеген.

Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)
Алматы тарихындағы ең алапат жер сілкіністері (фото)

1900 жылдары Алматы қаласының сәулетшісі болған Зенков өз жазбаларында қала туралы былай деген.

«Мен Верныйдың болашағына сенемін. Біздің қаламыз әдемі, көркем болуы үшін бірнеше қабатты үйлер мен ғимараттарды тастан, бетоннан және басқа да мықты құрылыс заттарымен салуға болады».

Соңғы 129 жыл ішінде Алматы 2 апаттан толықтай қирап, қайта тұрғызылды. Алып шаһар өз уақытында тұрғындарға қауіп төндірсе де ешкім оны тастап кетпеді. Керісінше, еліміздің әр өңіріндегі халық ең көп ағылатын алып қаланың бірі.

Фотолар Алматыдағы ҚР орталық киносуретқұжаттар және дыбыс жазба мұрағатынан алынды. Мақаланы дайындауға көмек көрсеткені үшін мұрағат қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Источник: Nur.kz
KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM