Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.
Қайғыдан қан жұтып отырған отбасының жақын туысының хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 шілде күні түнде орын алған.
«Тілеугүлді 30 шілде күні достары туған күнге барамыз деп Ұзынағаштағы үйінен әке-шешесінен сұрап әкетті.
Кешке таман қызымыз анасының ұялы телефонына «мені алып қашып бара жатыр» деген хат жазып үлгерген. Артынша телефоны сөніп қалған. Сол күні барлық таныстарына хабарласқанмен еш нәтиже болмады. Тек 31 шілде таңертен Тілеугүлдің өлі денесін таптық.
Бір топ жігіт қызымызды алып қашып Алматыдағы Алатау ауданындағы көп қабатты үйдің біріне апарған. Сол жерде Тілеугүл келін болуға көнбеген. Куәгерлер қыз 8-қаббатан өзі секіріп кетті дейді. Біз ойлаймыз ол секірген жоқ, көнбеген соң біреулер әдейі итеріп жіберген», — деді қайтыс болған Тілеугүлдің жездесі.
Бойжеткен өлерінің алдында жеңгесіне қоштасу хатын да жазған.
Онда Тілеугүл: «Жеңге, ұйықтап қалмадыңыздар ма? Мен былай болады деп ойламадым. Мені кешіріңіздерші. Мамам кешірсін мені! Жақсы қыз бола алмадым. Өзім білмей қалдым жай кездесіп қайтып келем деп ойладым. Қинап кіргізіп алды мені Азиз деген бала Жаңатұрмыстікі. Мамамдардың бетіне қарай алмаймын. Сендерді жақсы көрем. Кешіріңіздерші! Өзімді жек көрем», — деп жазған.
Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.
Аталған адам өліміне қатысты қылмысты Алатау ауданының ішкі істер басқармасы растағанымен, оқиғаға байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.
KAZAKBOL.COM