Алматыда ЛГБТ қоғамының құқығын қорғаушы ретінде танымал, белсенді Жанар Секербаева «етеккірді дестигматизациялау» акциясына қатысқаны үшін, «бұзақылық» жасады деп айыпталып жатыр.
15 тамызда полиция өкілдері Секербаеваны ішкі істер басқармасына әкеліп, қолына сотқа шақыру қағаз берген. Онда сотқа келмеген жағдайда, мәжбүрлі түрде жеткізіледі деп ескерту жасалған.
Секербаева әкімшілік кодекстің 434-бабы, 1-тармағына сәйкес «майда бұзақылық» жасады деп айыпталады. Егер ол кінәлі деп табылса, 10 тәулікке дейін қамауға алынып, бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
9 тамызда Алматыда Арбатта акцияға қатысқан Секербаева қолына «Етеккір — бұл ұят, ал зорлау — ұят емес?», «Етеккір — бұл әйелдің құдыретті күші» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған.
Секербаева сотта Арбатқа таныстарын қолдау үшін келгенін, шараны ұйымдастырушы емес екенін айтты. Сотқа Секербаеваны қолдауға бірнеше адам келді.
KAZAKBOL.COM