Алла Волченко соттан ата-ана құқығынан айырмауды сұрады
Егіздердің өліміне қатысты сот үкімі, бүгін, 22 желтоқсанда шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот төрағасы ақылдасу бөлмесіне кетпей тұрып, соңғы сөз айыпталушы Алла Волченкоға берілді.
«Құрметті сот төрағасы және қатысушылар, сіздерден бірнәрсені сұраймын. Өтінемін, мені аналық құқығымнан айырмаңыздаршы. Үлкен ұлымнан басқа ешкімім қалмады. Екі баламнан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырмын. Мұндайды ешкімнің басына бермесін. Жүрегім қан жылайды, сәбилерімді жақсы көремін, барым да, нарым да солар болатын… Үнемі армандайтынмын, солардың күлкісін көру үшін жұмыстан үйге асығатынмын. Бар арманым балаларым болды. Үлкен отбасым болғанын қаладым. Ешқандай қиындықтан қорыққан емеспін, себебі ұлдарым үшін бәрі қолымнан келетініне сендім. Әлі күнге дейін есімді жия алмай жүрмін. Әп-сәтте бәрін жоғалттым, кішкентай періштелерімнен айырылып қалдым. Олар мәңгі жадымда болады…. Азаматтық некедегі күйеуімнің сұмдық әрекеттерін біле тұра, бәріне көз жұмады деп ойлайсыздар ма? Менің бар айыбым, дер кезінде жағдайымды айтып, арыз бермедім, сол үшін баршаңыздан кешірім сұраймын. Құрметті сот, қандай шешім қабылдасаңыз да, өтінемін, мені үлкен ұлымнан айыра көрмеңізші. Ұлым Равиль — өмірімнің мәні. Одан басқа жақын адамым жоқ. Өтінемін, ұлымнан айырмаңызшы… …Мен ештеңе білмедім», — деді Волченко.
Сот төрағасы Болатов үкім шығару үшін ақылдасу бөлмесіне кетті, үкім, бүгін, 22 желтоқсанда шығады.
Еске салайық, жасқа толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылды. Олардың өліміне балалардың анасымен бірге тұратын ер адам айыпталған. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.
Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.
KAZAKBOL.COM