Оқыс оқиға 16 желтоқсан күні орын алған.
Алматыда әйелдің үстіне жарық бағанасы құлады. Бұл туралы оның қызы Дина НарбаеваFacebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 16 желтоқсан күні орын алған.
Оның сөзінше, оқиға Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы сауда орталығының көлік тұрағында болған. Қыздың айтуынша, оның анасы зағиптық бойыншы бірінші топтағы мүгедек. «Ауыр хәлде шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізіп, МРТ-ға түсірген. Кеудесінен соққы алған, бас сүйегінің жарақаты мен омыртқасының компрессиялық сынығы (7 омыртқасы) бар. Омыртқаға операция қажет», — деп жазыпты қыз.
«Interfood» компаниясының Жылжымайтын мүлікпен жұмыс департаментінің директоры Майра Әбішева әйелдің еміне жұмсалатын шығынды ұйым өтейтінін айтады. «Әйел адам қыз баламен келе жатқан. Қыз бағананы тепкен. Бағана қисайып, қарсы келе жатқан әйелді жанап өтеді. 17 жыл бұрын орнатылған, құлаған жоқ, қисайып қалды. Барлық қызметкерлерді шақырттық, жауаптыларды жазаладық. Басқа бағаналарды тексеріп, бекіттік. Ал қисайған бағананы түзеп, мықтырақ орнаттық», — деп түсіндірді Әбішева.
KAZAKBOL.COM