Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері директордан таяқ жегенін айтып, дабыл қақты

KAZAKBOL.COM

Балалар үйінің тәрбиеленушілері. Скриншот Алматы арнасынан

Алматыдағы №1 балалар үйінде тағы да шу. Бұл жолы тәрбиеленушілер директордан зәбір көрдік деп шағымданды. Айтуларынша, басшы жиі қысым көрсетіп, тіпті қол да жұмсайтын көрінеді деп хабарлайды Алматы арнасы.

Өйткені, ата-ана қамқорлығынан айырылған жеткіншектер сабақ уақытында оқуға бармай, БАҚ өкілдеріне сұхбат берген. Онда жасөспірімдер балалар үйінің директорынан әбден қорқатындықтарын ашына айтқан еді. Тіпті алған жарақаттарын суретке түсіріп, көпшілікке де көрсетті. Ал пресс-конференцияның болғанынан тәрбиешілері бейхабар болып шықты.

Заңгерлер мен қоғам белсенділері ашқан пресс-конференцияда ата-ана қамқорлығынан айырылғандар №1 балалар үйі директорының қаталдығын жарыса айтты.

Олардың сөзіне сенсек, басшы жеткіншектерге жиі қысым көрсетіп, тіпті жұдырық жұмсайтын көрінеді. Ал тәртіпке көнбегендерді Бостандық аудандық тәртіп сақшыларының көлігіне тиеп жібереді деп шағымданды.

«Балаларды ешкім ұрмағандай етіп көрсеткілері келеді. Өйткені, директор орнынан айырылып қаламын ба деп қорқады. Мәселеге араласпаңдар деп тіпті 5 түлекке қаулы шығарыпты. Онда жасөспірімдер үйінде тұратындарға балалар үйіне кіруге рұқсат жоқ делінген. Келсек директор тәртіп сақшыларын шақыртады. Қысым көрсетеді деп бізге балалар айтып жатыр. Теледидардан көрсеткен соң ол екі еселенетіні анық. Жындыханаға жатқызып та тастауы да мүмкін. Содан қорқамыз», — деді №1 балалар үйінің түлегі.

Ата-ана қарқорлығынсыз қалғандардың жағдайына бей-жай қарай алмадым деген заңгер Дина Тылевич тәрбиешілердің бірі электрошокер қолданғанын айтып отыр.

Оның сөзінше, қауіпті құралды онсыз да денсаулығы жоқ сал ауруына шалдыққандарға сынаған. Өйткені, мұндай балалар жөнді сөйлей алмайтындықтан, ешкімге шағымдана алмайтын көрінеді.

«Тәрбиешілердің бірі электрошокер сатып алған. Құйтырқы тәжірибесін жан адамға айта алмайтын сал аурына шалдыққандарға жасаған. Бір балаға сынақ ретінде қолданып көріпті. Ол оқиға орнында есінен танып қалған. Баланың жанын дәрігерлер әрең сақтап қалды. Бұл сонда не? Қазір жағдайы ушығып кетті. Ондай құралды өздеріне сынап көрсін», — деді заңгер Дина Тылевич.

Ал үстінен шағым түскен №1 балалар үйінің директоры Ақмарал Шатаева аталған жағдайдың болғанын растамады. Айтуынша, БАҚ өкілдеріне шағым айтып, сұхбат берген балалар сабақтан белгісіз себептермен жиі қалатын көрінеді. Айтуынша, мұндағы 109 тәрбиеленушінің 16-сында тәртіп нашар, тіпті араларында наркология орталығында тіркеуде тұрғандары да бар.

Директор болғанына 1 жылға жуықтаған ол қоғам қайраткерлерінің балалар үйіне мүлде ат басын бұрмағанын мәлімдеді. Басшы әрқашан бәріне ашық екендігін жеткізді.

«Балалар үйінің 15-тен 14 жасқа толған балалардың ұялы телефондары өздерінде бар. Яғни ұялы телефондарын көп балада тәлімгерлері бар. Коучтар бар. Оқыс жағдай болған кезде балалар 102-ге полиция звондап, өздерініің осындай жағдай болып жатыр десе, полиция келуші еді. Олардың ұялы телефондары бар», — деді Алматы қаласы №1 балалар үйінің директоры Ақмарал Шатаева.

Ақмарал Шатаева пресс-конференцияға өзін ешкім шақырмағанын айтады. Ал теледидарда сөз сөйлеген балаларға ешқандай шара қолданылмайды деді. Айта кетейік, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 19 бала жаңа жанұяға тапсырылған. Оның ішінде 9 патронатты тәрбиеге, ал қалғанын отбасылар асырап алыпты.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM