Қытайда қалыңдық өзіне үйленгісі келмеген жігітті көше ортасында шынжырмен сүйреді.
Бұл туралы Vesti.tu сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Оқиғаның нақты уақыты мен өткен орны көрсетілмеген. Белгісі, қалыңдық той күнінде келмей қалған күйеу жігітті осылай жазаламақ болған. Той көйлегін киген қалыңдық жігітке: «Үйленесің бе маған?» деп айғалайған.
Алайда, интернет қолданушылар бұл оқиғаның растығына сенбей отыр. Олар мұны жарнама болуы мүмкін деп топшылауда.
KAZAKBOL.COM