Жер. Көрнекі фото әлеуметтік желіден алынды
Америка ғалымдары Жер мен Марс соқтығысуы мүмкін деген болжам жасауда деп хабарлайды rosbalt.ru-ға сілтеме жасаған Baq.kz.
Зерттеушілер бұған Марстың өз орбитасынан ауытқуы себеп болуы мүмкін екенін, алайда болжамды уақытқа дейін миллиард жыл бар екенін мәлімдеуде.
Бұл тұжырым Висконсиндағы Мэдисон Университетінің сайтында жарияланды. Ғалымдар Солтүстік Америкадағы Колорадо өзені шатқалдарының қатпары мен қабаттарын бақылай келе, «Күн жүйесінің ретсіздігі» теориясына дәлел тапқан көрінеді.
Осы теорияға сүйене отырып, зерттеушілер аспан денелері арасында қақтығыс болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Таяу болашақта Күн жүйесінің жұмысы тұрақты болғанымен, миллиардтаған жылдардан кейін Марс орбитасынан ауытқуы мүмкін деседі.
Міне, сол кезде оның Жермен соқтығысып қалу қаупі зор екен. Осылайша, ғалымдар ғаламшарлар квазипериодтық орбитада айналып жүреді деген ғылымдағы қалыптасқан теорияны жоққа шығаруда.
KAZAKBOL.COM