Қоғам қайраткері Амангелді Айталы
Қоғам қайраткері əкесіз өсіп келе жатқан балаларды күйеуімен сыйыспаған мұғалімдердің тəрбиелеп жатқанына алаңдады
«Маған бір мектептің директоры: «Менің оқушыларымның 45 пайызының əкесі жоқ, ажырасқан отбасынан. Ол баланың психологиясы əке-шешесі бар баланың отбасындай тұрақты емес. Менің мұғалімдерімнің дені -əйелдер. Оның 40 пайызы байынан айырылған. Анау да жынды əкесі жоқ, мынау да жынды байы жоқ. Сыныпта шарт-шұрт талас» деп айтты. Бұл — шындық», — деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.
Жастар тəрбиесіне зиялы қауымның көңіл аударуына қатысты өткен кездесуде барын бағалай білмейтін жастар легіне қатысты да Айталының айтары болды.
«Біз тұтынушы қоғам құрдық. Дүниеқор, ақша алдына шыққан, рухани құндылықтардан кейін қалған қоғам. Социолистік қоғамда не нəрсеге де зəру болдық. Біздің анаған, мынаған қолымыз жетпеді. Мына заман келді. Бəріне қолымыз жетті. Тəрбие мен рухани құндылық кейінге қалды»,-деді Амангелді Айталы.
Саясаткер дүниеқор заманда адам капиталының ұмыт қалғанын айтты.
«Бүгін өте қиын заман. Ұрпақ алмасады. Біз 40 жасқа дейінгі жастардың пікірін көп білмейміз. Тəуелсіздік алған кезде 13-14 жаста болған жастар бөлектеу. Олармен жұмыс жасау күрделі. Баяғы стандарт келмейді», — деді ол.
KAZAKBOL.COM