15-28 наурыз аралығында АҚШ-тың су бөгеттерінің қауіпсіздігін тексеретін мамандар Өзбекстанның мемлекеттік инспекция мамандарымен бірге Гиссарак және Тупаланг су бөгеттерінің сапасын тексереді.
Америкалық мамандар АҚШ армиясының әскери инженерлер корпусымен (USACE) жүргізілген келіссөздер аясында Өзбекстанға келді.
Қаңтар айының соңында USACE эксперттері өзбек мамандарына су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде онлайн-тренинг өткізген.
Былтыр мамыр айында Сардоба су қоймасы жарылып, мыңдаған адам баспанасыз қалған, 6 адам қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалып кетті.
Апат салдары Қазақстан аумағындағы елді-мекендерге де зардабын тигізді. Түркістан облысындағы 14 ауылдан 31 000 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.
KAZAKBOL.COM