Оқ атқан адам полицей көлігінің жүргізушісі болып қызмет етеді.
Қарағанды ішкі істер бөлімінің орталық полиция білімінде полиция қызметкері әріптесіне оқ атты, — деп хабарлайды Baq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, табельді қарудан оқ кездейсоқ атылған. Оқ атқан адам полицей көлігінің жүргізушісі болып қызмет етеді. Жарақат алған азамат- орталық аудандық ішкі істер бөлімі анықтау бөлімінің анықтаушысы. Полицейдің не үшін қару алып шыққаны анықталып жатыр. Прокуратураның мәліметінше, күдікті қамауға алынған жоқ.
Бұл аудандық ішкі істер бөлімінде болған бірінші оқиға емес. Бұған дейін алаяқтықпен айналысты деп ұсталған күдікті үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Алған жарақаттарына қарамастан, орталық бөлімнің қызметкері оны қайта ғимаратқа кіргізіп, жауап алуды жалғастырған. Ол есінен тана бастағанда барып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер миы шайқалып, қолы сынған деген диагноз қойған. Ауруханада ол өзіне қатысты күш қолданғанын айтады.