Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Аралтұз» жұмысшылары бесінші күн ереуілде тұр

KAZAKBOL.COM

Қызылорда облысы Арал ауданында «Аралтұз» акционерлік қоғамының жұмысшылары бесінші күн ереуілде тұр. 1 қыркүйек күні олар басшылыққа жалақыны көбейту туралы талап қойып, жұмысты тоқтатқан.

Жұмысшылардың айтуынша, жалақысы 48 мың теңге, экологиялық қосымшамен бірге есептегенде қолына 80 мың теңгедей алады. Олар алар айлығының 2014 жылдан бері өзгермегенін айтады.

Жұмысшылар жалақысын 50 пайызға көбейтуді талап етеді.

4 қыркүйек күні зауыт әкімшілігі жұмысшылармен кездесіп, өз ұсыныстарын айтқан, бірақ олар оны қабылдамаған. Жұмысшылар жіберген видеоға қарағанда, кездесуге зауыт атынан «Аралтұз» АҚ вице-президенті Ғалымжан Сержанов келген.

– Жалақыны 1 қыркүйектен бастап 12,5 пайызға көбейтеміз. Ал 1 қаңтардан бастап тағы 10 пайызға көбейтеміз. Үшіншіден, жылдың аяғына дейін төрт ай қалды, осы уақыт ішінде бар күшімізді салып, жоспарды орындасақ 42 500 теңге көлемінде сыйақы береміз, – деді Сержанов.

Жұмысшылар зауыт басшылығының бұл шартына көнбеді.

– Оған біз келіспей отырмыз. Талабымыз орындалмайынша, ереуіл жалғаса береді, – деді аты-жөнін атамауды сұраған жұмысшы.

«Аралтұз» акционерлік қоғамы тұз өндіру және қайта өңдеу саласындағы ірі кәсіпорын. Компания мәліметтеріне қарағанда, жылына 450 мың тоннаға жуық тұз өндіріп, оның 75 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украинаға экспорттайды. 1200-ден аса қызметкері бар.

Компания сайтындағы мәліметтерде «2021 жылдың 1 наурызынан бастап зауыт жұмысшыларының жалақасы орта есеппен 10 пайызға көбейеді» деп көрсетілген. Бірақ жұмысшылар мұны жоққа шығарады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM