Ардақ Назаров. Фото: vesti.kz
Жоғары оқу орындарының бірінде студенттермен кездесу өткізген спортшының сөйлеген сөздері Youtube желісіне жарияланған.
Әлем чемпионы қазақ халқының бала тәрбиесі мен ата-ананың қадірін тілге тиек ете келе, дүниені ойлап жат жұрттықтың етегінен ұстап кете беретін қаракөздер туралы пікір білдірді.
«Алла Тағала беріп те сынайды, алып та сынайды. Дүние бүгін бар, ертең жоқ. Бірақ, адамзатты сұлулықпен, мансаппен, байлықпен, дүниемен өлшеуге болмайды. Адамзаттың өлшемі — оның руханиятында, оның тектілігінде, мәрттігінде, адами құндылығында. Міне, сондай текті адамдарға үйлену керек», — деп қорытындылады ол сөзін.
KAZAKBOL.COM