Түркіменстан билігі азаматтардың шетелге шығуын тағы шектеді. Осының алдында ғана Түркияда төрт түркімен азаматын отандасы қастандықпен өлтірген.
Азаттықтың Түркімен қызметінің Балқан уәлаяты мемлекеттік көші-қон қызметіндегі дереккөзінің айтуынша, Түркиядағы қайғылы оқиғадан соң Ашғабаттан аймақ тұрғындарына шетелге шығатын паспорттар беру мен мерзімін созуды шектеу жөнінде тапсырма түскен.
«Ашғабаттан түскен ауызға бұйрыққа байланысты тұрғындарға биометрикалық паспорттарды беру мейлінше шектеледі» дейді дереккөз.
Оның айтуынша, Ашғабаттағы шенеуніктер шектеу себебін түсіндірмеген.
Бұл уақытта Түркияның Ашғабаттағы елшілігінде түркімен азаматтарынан визаға өтініш қабылдау ісі уақытқа тоқтағаны мәлім болды. Дереккөздің айтуынша, түркімен үкіметі елшіліктен азаматтарға виза беруді уақытқа тоқтатуды сұраған.
18 маусымда Түркияның Измир қаласында Түркіменстанның төрт азаматтының бөлшектелген денелері тоңазытқыштан табылды. Оларды өлтірді деген күдікпен ұсталған түркімен азаматы Сапармұрад Халлыев 13 маусымда қызғанышпен төрт отандасына қастандық жасағанын мойындаған. Түрік басылымдарының жазуынша, Халлыев бұған дейін қасапшы болып істеген.
Түркіменстандағы экономикалық дағдарыс пен жаппай жұмыссыздыққа байланысты жүздеген мың түркімен азаматы Түркияға жұмыс іздеп кеткен.
KAZAKBOL.COM