Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Астана: сақтандыру қорынан «ҚазАгро» компаниясына қаржы бөлінеді (видео)

KAZAKBOL.COM

Қазақстан вице-премьері, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорында (ӘСМҚ) жиналған қаржының 10 пайызы «ҚазАгро» ұлттық компаниясының облигациясын сатып алуға бөлінетінін хабарлады.

Астанада үкімет отырысынан соң «Настоящее время» телеарнасының журналисі Өмірзақ Шөкеевке ӘСМҚ активінің «ҚазАгро» компаниясына бөлінуіне қатысты сауал қойды. Шөкеев жауабында ӘСМҚ қорында үш триллион теңгеден астам қаржы жиналғанын және оған үкімет иелік етіп, Ұлттық банк басқаратынын айтты.

«Мемлекеттік комиссия Ұлттық банкпен бірге ӘСМҚ қаржысының 10 пайызын «ҚазАгро» облигациясын сатып алуға бөлу туралы шешім қабылдады. «ҚазАгро» оны коммерциялық мақсатта, нақтырақ айтсақ астық сатып алуға жұмсайды. Бұл қаржы жұмсалады және қайтарылады. Бұл мүлдем қауіпсіз»деді Шөкеев.

Ол журналистердің «Бұл жерде де Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) активіне қатысты жағдай қайталанбай ма?» деген сауалына қаржының сақталатынына жеке өзі «кепіл болатынын» айтты.

«Жеке өзім кепіл боламын. Себебі, «ҚазАгро» — мемлекеттік компания. Ол бұл қаржыға ең алдымен астық сатып алады, ал біз бұл астықты ең арзан бағаға аламыз. Сосын оны сатып, қайтарамыз» деді вице-премьер.

2014 жылы қазанда Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнентақы қоры (БЖЗҚ) 71,3 миллиард теңгеге (ол кездегі доллар бағамы бойынша 250 миллион доллар) Халықаралық Әзербайжан банкінің (ХӘБ) бағалы қағаздарын алған. 2017 жылы мамырда ХӘБ-ның дефолт болғаны хабарланған. Қазақстан Ұлттық банкі кейін бұл банкке салған қаржыны «барынша оңтайлы түрде» қайта құрылымдау туралы келісім жасалып жатқанын мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM