Клубтарда каратэ, бокс, еркін күрес, қол күресі, дзюдо, стол теннисі, шахмат және шашки бойынша секциялардың кең түрі қарастырылған.
Клубтарға тұрақты түрде екі мыңнан астам балалар мен бозбалалар барады, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің медиа орталығы.
Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл клубтарға баратындар саны екі есеге өскен. Аула клубтарының басым бөлігі «Алматы» ауданында орналасқан, мұнда 10 аула клубы бар. Ал, қалғандары Астананың өзге аудандарында.
-Бүгінде аула клубтарына баратын балалар мен бозбалалар спортпен айналысып, техникалық шығармашылыққа үйрене алады, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін дамытады. Сол себепті қаланың барлық тұрғындарына балаларын аула клубтарына әкеліп, тегін оқытуға шақырамыз, — дейді Мұхамеджан Болысбек.